«Сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жыл құжат тапсырып атақ алмағанын айтты
Белгілі әнші Нұрлан Еспанов “Revue news” бағдарламасына берген сұқбатында жас күнінде ала алмаған атақты бүгін алудың қажеті жоғын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тішісі.
"Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген болатынмын. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз "Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай" деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой", –дейді әнші.