«Салтанаттың ағасы ғой»: Айтбек Амангелді мен әнші Say Mo көңіл жарастырып жүр ме?

Oinet.kz 18-02-2025 309

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен атышулы әнші Мөлдір Есембектің (лақап аты – Say Mo) көңіл жарастырып жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Әнші Instagram парақшасында жас жігітпен түскен фотосын жариялап, бет-әлпетін көрсетпеген. Алайда желі қолданушылары белгісіз жігіттің марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы деген болжам жасады.

«Егер бұл Айтым (Айтбек Амангелді) болса, қуаныштымын», «Бұл Салтанаттың ағасы ғой», «Бұл Айтым ғой, қолындағы сағаты айтып тұр. Дене пішімі, шашы қатты ұқсайды», «Айтым шығар деп мен ғана ойладым ба десем», «100000% Айтым ғой», «Мен де Салтанаттың ағасы шығар деп ойлап отырмын», - деп жазды желі қолданушылары.

Say Mo-ның парақшасынан сүйіктісінен сыйға бренд сөмке, әдемі гүл шоқтарын, қымбат сақина алғанын байқауға болады.

Айта кетейік, әнші Say Mo 2021 жылы белгілі актер Шәріп Серікке тұрмысқа шығып, арада бірнеше ай өткен соң ажырасып кеткен.

Өз кезегінде Айтбек Амангелді де осыған дейін некеде болғанын, алайда жұбайымен мінездері жараспаған соң ажырасып кеткені туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтқан болатын.

«Сіңлің қара жамылып отыр»: Баян Мақсатқызы көпшіліктің сынына қалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу