«Шыдамның да шегі бар»: Жанболат Найзабеков төрт рет ұшу уақытын ауыстырған әуе компаниясын сынады
“Өнер қырандары” театрының әртісі, актер Жанболат Найзабеков Air Astana әуе компаниясына шүйлікті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өнер иесі ұшатын уақытты төрт рет алмастырған әуе компаниясына ашуланды.
“Air Astana сіздерге не болды?! Көз өтті ме? Сұмдық қой бұл?! Төрт рет уақыт өзгерту дегенді кім шығарды?! Түнде 12-де ұшатынымызды түскі 12-ге ауыстырды. Енді күндізгі 3-ке ауыстырған, жаңа ғана хабарлама кеп тұр, 4-ке ауысқаны жөнінде. Кешегі түннен бері бала-шағамызбен сандалып жүрміз. Алматыдан жаңа ұшақ алдыратын уақыттарың болды. Шыдамның да шегі бар ғой. Қаншама жұмысымыз қалды. Түсірілімдеріміз бар еді. Жауапкершілік болуы керек”, – деді актер.
Еске салайық, Қазақстандағы әуекомпаниялардың басшыларына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынатынын жазған едік.
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда рейсті кешіктіргені үшін басқалармен қатар әуе компаниялары мен әуежайлардың топ-менеджерлерін жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
"Біріншісі – бұл қазір заңда қарастырылмаған, екіншісі – әуе компанияларына кешіккені үшін айыппұл салынса, онда жаңа механизм бойынша олардың топ-менеджерлеріне айыппұл салынады", – деген еді Марат Қарабаев.