«Мені бәрі қолданды»: Бибігүл Төлегенова 3 рет тұрмыс құрғанын айтып, жеке өмірінен сыр шертті

Oinet.kz 12-08-2024 1150

КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова журналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында жеке өмірінен сыр шертіп, сәтсіз неке құрғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

“Әркімнің өз бақыты бар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бір әйел күйеуінен бақыт табады, енді бірі өнерден табады. Мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол үшін де маған ешбір еркек “Сені мен көтердім” деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", – деп ағынан жарылды өнер иесі. 

Еске салайық, Бибігүл Ахметқызының күйеулерінен көңілі қалғанын жазған едік. 

“Күйеулерімнің ешқайсысы өнерімді қолдамаған. Оларға үйде отыратын әйел керек болды. Тіпті бірімен заңды некеге де тіркелген жоқпыз. Бірінші жұбайымен ажыраспаған екен. “Семейге алып кетемін, маған Алматыда жұмыс жоқ” деп айтты. Жалпы еркектерден бағым жанбады. Олар туралы қазір мүлдем сөз қозғамаймын. Кітабыма да жазбадым. Оларды есіме де алғым келмейді”, – деген еді халық әртісі. 

«Бөліп төлеуге келістік»: Тұрсен Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын қаншаға сатып алғанын айтты
«Гонорарымды төлемей қойды»: Салтанат Бақаева басынан өткен оқиғасын бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу