«3 балалы еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың экс-әйелін сынады
Бұрын есімі жиі шыға бермейтін Назым Қаһарман соңғы кезде БАҚ құралдарында жиі сұқбат бере бастады. Оған себеп экс-күйеуі Бишімбаевтың соты. Соңғы ауқымды сұқбаты Әсел Қожаковаға берген еді. ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман туралы пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, ол күйеуімен ажырасып жатқан кезде, шындықты қоғамға ашық айтқан кезде, Салтанатты аман алып қалар едік. Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?
«Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді… Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан- тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…
Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп , өйтіп енді сөйтіп еді , ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап отыр. Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті…
Егер бұл әйел, өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл казіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол, Бишімбаев қандай болса да, балалардың әкесі болып қалады! Бұл жәйітті өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі- қаны соныкы!
Дау өршіп тұрған дәл казіргі уақытта, өз басым, ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең- ай…..Бұлай танымал болмай- ақ қойсақ…»,- деп жазды ол.