«Бір айдай Түркияда жаттық»: Танымал актер әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы
Танымал актер Ермек Шынболатов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Ақбота-Нұрмен алғаш рет жобада танысқан.
"Халық Ақбота-Нұр екеумізді қосып жатыр. Бұған сеніп-сенбеуді әркім өзі біледі. Ақбота-Нұрмен алғаш рет осы жобада таныстық. Бізді жұмыс байланыстырады, жұмыс барысы ғана, басқа ештеңе жоқ. Арамызда сезім жоқ. Фильм бойынша біз бір-бірімізге қатты ғашық адамдармыз. Фильмде әке мен баланың қарым-қатынасы көп қозғалады, бірақ ішінде махаббат та бар. Бір айдай Түркияда жаттық. Түріктің ұлттық тамақтарына әбден тойдық. Әлеуметтік желіде тараған видео жәй ғана фильмнің кадрлары. Оны әркім өз қалауынша қабылдайды", - деді актер