«Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі»: Индира Елемес күйеуін алаяқ дегендерге үн қатты

Oinet.kz 11-04-2024 983

Facebook-те Алексей Пучков есімді желі қолданушысының танымал әншінің күйеуіне қатысты жазбасы пайда болды. Оның сөзінше, Индира Елеместің күйеуі әрі Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі адамдарды алдаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Ол осы адамнан зардап шеккендерге іздеу салған.

"Достар, кеше Instagram-да пост жаздым, біз Калелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды іздедік. Бұл - Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі және әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап қатты, бірақ әлі де мұндай оқиғалар барын білемін. Сіз немесе сіздің таныстарыңыз осы адамнан зардап шеккен болса, жеке хабарлама жазыңыз. Менің алдыңғы жазбамнан кейін Калелхан оны өшіріп тастауды өтінді, ол алдау арқылы алған ақшасын қайтаруға уәде берді. Алайда мұның бәрі тек сөз болды", - деді ол.

Stan.kz осы мәселеге байланысты Индира Елеместің өзімен сөйлескен.

"Қалелхан Иманмәди күйеуім екені рас. Бірақ бұл іс туралы ештеңе білмеймін. Тіпті осы мәселе бойынша күйеуіме хабарласып, істің мән-жайын сұраған да жоқпын. Өйткені олар - ересек адамдар. Жолдасым екеуіміз бір-біріміздің тірліктерімізге араласпаймыз. Алексейден ақша алды дегеннің өзінде мен қасында болған жоқпын. Ол ақшаны көріп, қолмен ұстаған емеспін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Осы жағдайға мені араластырғаны үшін ренжіп қалғаным рас. Мені жеке парақшасында белгілепті. Тіпті шокта отырмын. Өйткені өнер жолында жүріп, танымал болғалы осындай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. Осы тұрғыда заңды қолдаймын. Заң қалай шешеді, менің де позициям сол жақта болады. Кім кінәлі болса да, тиісті жазасын алуы керек", - деді Индира Елемес.

Screenshot_8.jpg

«Шаршағаным басылып қалды»: Димаш Құдайберген Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті
«Сендерге не жағады өзі?»: Дариға Бадықова су тасқынына қатысты өзін сынағандарға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу