«Cотталасың»: Әнші Саят Медеуов ешкім білмейтін оқиғасын бөлісті

Oinet.kz 22-11-2023 1270

Әнші Саят Медеуов жас кезіндегі оқиғасын бөлісіп, соған қатысты әкесінің айтқан өсиетін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Өнер иесінің айтуынша, әкесі өте қатал, шыншыл, әрі достыққа адал болған.

"Бірде досымыз істі болып, сонымен бірге жүрдім. Оны анам білмеді. Ауылға барғанда шешем "сен бір күні мына кісінің қасында жүріп, сотталасың, мына жүрісің дұрыс емес" деді. Сол кезде әкем шешеме "Нүке, сен Саятқа сөйлеме" деді. Ал маған "Саят, Аликтің бар кезінде дос болдың ба, жоқ кезінде де дос бол, бар кезінде араластың ба,басына іс түкенде де аралас, қашпа. Досыңның басына іс түскенде кетіп қалатын боласың, онда "менің баламмын" деп айтпай-ақ қой" деді. Сол уақытта әкемнің достыққа адалдығына риза болдым", - деді әнші.

«Қайын атаның қадірі кеткен заман-ай»: Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні елді шошытты
«Арланбайды екен»: Ұзатуда анасына ерекше құрмет көрсеткен қыз көпшіліктің талқысына түсті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу