«Бұған дейін тілім қысқа болды » - Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген мәлімдеме жасады
Қайрат Нұртастың жары желідегі жазбасымен елді елең еткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Шыдамның да шегі бар! Енді үндемеу мүмкін емес! Осынша жасқа жетсем де бұған дейін "тілім" қысқа болды. Оны өзім де байқамаппын. Енді бәрін айтамын. Бірақ бәріне емес. Мен періште емес, пендемін. Менің де тілім ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын. Ендігілер өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіреді", - деп жазды ол.