Әнші Kalifarniya Американың 3 қаласында концерт бермек
Жастар арасында Kalifariniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев “Түнгі студия” бағдарламасында алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың: “Қазақстандық жас әншілер елімізде ғана емес, шетелдерде де концерт берсе екен, сол жақтан ақша алып келсе екен деп ойлаймыз. Қандай жоспарларың бар?” деген сауалына Фархат: “Бұйырса Американың үш қаласында концерт бергелі жатырмын. Сол жақтан ұсыныс түсті. Қазіргі кезде көршілес Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея елдерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазан айында Американың Нью-Йорк, Майами және Чикаго қалаларында концерт өтеді”, – деп жауап берді.
Жақында биші қызға үйленген Kalifariniya шетелдегі концерттеріне келіншегінсіз аттанатынын айтты.
“Менімен ермейді, үйде қалады. Бұл біздің ортақ шешім”, – дейді Фархат.