«Құдайдың өз жоспары бар»: Илья Ильин болашақ сәбиінің жынысын айтты
Танымал спортшы Илья Ильин сәби күтіп жүргендерін, жақында қызды болатындарын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы жұбайымен гендер пати ұйымдастырған. Сонымен қатар, алғашында сәбилері ұл болады деп ойлағанын жасырмады.
"Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық, бірақ Құдайдың өз жоспарлары бар! ДНК тесті қыз болады деп көрсетті! Біз қатты таңғалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасқан.
"Жаңалықтарың оң болсын, аман-сау дүниеге әкелу бұйырсын", "Құттықтаймыз! Ұл болсын,қыз болсын, ең бастысы, дені сау болсын!", "Құтты болсын! Қыздарыңыз аман-сау тусын", - деп жазды олар.