«Аманаттың өтірік жиналыстары»: Ринат Зайытов бар шындықты жайып салды

Oinet.kz 04-09-2023 1080

Айтыскер ақын, депутат Ринат Зайытов "Қасқа жол" подкасында "Аманат" партиясында қандай өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Оның сөзінше, жиындар мен жиналыстарда біраз дүние өзгерген.

"Бірінші өзгерткеніміз - Аманаттың өтірік жиналыстары. Аманат емес кезінде Нұр Отан болды ғой. Сол кездегі өтірік жиналыстарды толық өзгерттік. Қазіргі халықпен кездесуімізде немесе кез келген Аманаттың жалауын ұстап баратын жерге халықты кіргізбеу, бұрынғыдай жасандылық жасау, отырып алып, "бәрі дұрыс" деп бас шұлғи беру: біз осы заңдылықты бұзып жатырмыз деп ойлаймын. Жалғыз мен емес, Аманат партиясында бір топ депутат бар. Осыны қалап отырған адамдар бар. Қазір өзіңіз байқасаңыз, бұрынғы Нұр Отанның жиындары мен Аманаттың жиындары безендірілу жағынан ұқсайтын шығар, мазмұны жағынан басқаша болып келе жатыр. Әзірге осы. Аманатта да бұрынғы адамдар бар ғой, олар да бірден өзгеруге келісе қоймайды", - дейді ол.

«Өте ерке едім»: Наркенже Серікбаева бірінші күйеуінен неге ажырасқанын айтты
«Құдайдың өз жоспары бар»: Илья Ильин болашақ сәбиінің жынысын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу