«25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес» - Маман қазір пәк қыз табу қиын екенін айтты
Психолог маман Кербез Егінбаева "Podcast Time" бағдарламасында қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді", - дейді ол.
Психолог қыз балалардың жыныстық дамуында да едәуір өзгерістердің болып жатқанын айтты.
"Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жаныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда 9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес", - дейді психолог маман.
Желі қолданушылары психологтың бұл пікірі дұрыс еместігін жарыса жазуда.
"Жастарға не тәрбие беріп отыр, мына қыз?", "Масқара", "Кербез қалай коуч болып жүр. Не үйрете алады...", - деп жазды олар.