«Тоқтатыңдар мынандайларыңды»: Мәжіліс депутаты Болат Атабаев жайлы фильмге қаржы аударатын болды

Oinet.kz 31-05-2023 584

Танымал режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев туралы “Мың жылдық ойын” деректі фильміне қаржы табылғанын Қанат Тілеухан мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Белгілі болғандай режиссер жайлы фильмге мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай қаржы аударатын болған.

“Бұйырса бес күннен кейін түсіру жұмыстарын бастаймыз. Краудфандингті тоқтатамыз. Бәріңіздің достық пейілдеріңізге, қолдауларыңызға рақмет. Жылы сөздің өзі үлкен медеу. Аздаған қаражат түскен еді. Оны қазір қайта салып жіберемін. Бір байқағаным тілектес жандардың қатары мол екен. Бәріңізге Жаратқан разы болғай.

Ал енді қаржыға келетін болсақ. Қаржы табылды. Өзіміздің әріптесіміз, ініміз Мақсат Толықбай тауып беретін болды. Мәкеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Болат аға тіріліп келсе, краудфандинг деген не тағы. Тоқтатыңдар мынандайларыңды. Зачем меня возвышать? деп сөйлер еді. Ол кісінің лексиконы сұмдық қой. Тағы да бәріңізге рақмет!”, — деп жазды Қанат Тілеухан.

Қайрат Нұртас пен танымал блогер нені бөлісе алмай қалды? (видео)
Роза Әлқожа келінін туған күнінде інісінің үйге қонбай кеткен кездерін айтып жылатып алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу