«Қайтадан келді жылап-еңіреп»: Мөлдір Мұқанова айтыскер ақын Айшолпанға неге өкпелі?
Продюсер Мөлдір Мұқанова айтыскер ақын Айшолпан Тілеутаймен неге жұмыс істей алмағанын ашып айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Парадокс" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Айшолпан өзі келді. Ренішін айтты, халыққа ренжи береді екен. Сараға, Айнұр Тұрсынбаеваға ренжіп жатты. Осы кісілер менің өзімнің осы ақындық жолдағы апаларым бірінші қолдаушы болатын жандар еді ғой. Айналып келіп, сіз маған жетекшілік етіп, қолдап жатсыз деген әңгімелер айтты. Контрактіге отырдық, Концерттерге шығып, идеямызды бөлісіп, жұмыс жасап жүрдік" , - дейді ол.
Алайда, оның айтуынша Айшолпанның жоқ болып кетуі жұмысқа кедергі келтірген.
"Бір күні Айшолпан жоқ боп кетті. Таппай қалдық 3-4 күн. Одан кейін қайтадан келді жылап еңіреп, қайтадан жұмыс істейік, бұл қателігім енді қайталанбайды деді. Кешірдім, 1 ай өтпей жоқ боп кету мінезі қайта басталды" - дейді продюсер.