«Түрмедесіз бе?»: Индира Расылхан ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтіндерге ақыл айтты
Отандық әнші Индира Расылхан ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңесін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші:
“Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласның қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.
Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.
“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.