Дастан Оразбеков шығармашылық кешінде көз жасына ие бола алмай қалды

Oinet.kz 12-02-2023 950

Отандық әнші Дастан Оразбеков күні кеше ғана жеке шығармашылық кешін берген болатын. Ол сол концертте әкесі туралы естеліктерін тебіреніп айтып, көз жасына ие бола алмай қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

“Мен үшін ол – ұлы, қайталанбас тұлға. Әкем қайтқан күні мен жанында болдым. Әкеге деген махаббатым бүгінде сағынышқа айналды. Әкешім, ұлың сені сағынды”, – деді өнер иесі көзіне жас алып.

Әншінің сағынышқа толы әсерлі сөздері әке туралы әсем әнге ұласты. 

Айта кетейік, 19 ақпан күні Дастан Оразбеков Республика сарайында жеке шығармашылық ән кешін өткізген болатын.

Жұлдыз Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына жауап берді
«Үлкен той жасаймыз деп айта алмаймын»: Дұғалова өзіне сырға салып қойғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу