«Тағдырымыз бізді жолықпай тұрып тоғыстырған екен»: Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын мәлімдеді
Отандық әнші Жанар Дұғалова наурыз айында тұрмысқа шығатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Тимур Балымбетовке берген сұқбатына сілтеме жасай отырып.
"Иә, бұл рас. Не айтам басқа? Мен тұрмысқа шығамын. Тағдырымыз бізді жолықпай тұрып тоғыстырған екен. Тіпті, біз бір жолмен жүріп, бір азық-түлік дүкеніне барған екенбіз. Екеуіміз де Мәскеуде оқығанбыз. Алайда кездескен емеспіз. Өз Отанымызда таныстық",- деді әнші.
Әнші сондай-ақ күйеу жігіттің өнер адамы емес екенін де айтып өтті.
"Жан-жақты, ерекше адам. Үнемі махаббатпен, сезіммен ғана тұрмысқа шыққым келетін. Сол тілегім орындалды. Ешқандай есепсіз, жоспарсыз, махаббатпен тұрмысқа шығып жатырмын. Отбасы құруды наурыз айына жоспарлап отырмыз"- деді Дұғалова.