Әнші Еркеш Хасен алғаш рет әке атанды (видео)

Oinet.kz 25-08-2022 1677

Отандық жас әнші Еркеш Хасен алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің келіншегі оған қыз бала сыйлаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_36.jpg

Қуанышты жаңалықты Еркеш Хасеннің өзі Instagram парақшасында жария етті. Ол барша оқырмандарына әке атанғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады. Жас әке өзінің алғашқы әсерін бөлісіп, арнайы видео жолдаған.

"Қалайсыздар? Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақтар. Айкошым маған қыз туып берді. Аллаға шүкір, осы қуаныш барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деді жұлдызды әке.

Жас ата-ана қызды болған. Алайда сәбиге қандай ат берілгені әзірге белгісіз. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жеткізді.

"Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болсын", "Құттықтаймыз. Ханшайымыңыз аман-есен болып, сіздерді қуанта берсін", "Қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Қандай керемет жаңалық. Әке атануыңызбен", "Қыз деген Алланың сыйы ғой. Құттықтаймыз", - деп жазуда көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркеш Хасен (@erkesh.khasen)

«Мұндай ер азаматты өмірімде көрген емеспін»: Жанель Мақажан 8 жас кіші күйеуі туралы айтты
«Алтыбақандағы романтика»: Жеңіс Ысқақованың күйеуімен алтыбақан тепкен сәті елді сүйсіндірді (видео
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу