«Тура Жаhанның сәйгүлігіне көзім түсті де қалды, менікі енді»: Садуақасова өзіне ерек сыйлық жасады
Әнші Мадина Сәдуақасова өзіне ерекше сыйлық жасады. Өнер иесі Орал қаласына арнайы барып, өзіне жылқы сатып алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол өз сәйгүлігімен түскен видеосын жариялап, өз қуанышын бөлісті. Сөзінше, әншінің таңдаған жылқысын актер Жахан Отарғалиев те ұнатып кеткен. Алайда ат Сәдуақасоваға бұйырған. Әртіс өнердегі інісіне үндеу жасап, оған ренжімеуін өтінді.
"Достар, мен Оралға не үшін келді дейсіздер ғой? Мен өзіме жылқы сатып алуға келдім. Әдемі жылқының барлығы Оралда дейді. Менің күйеубалам Жахан да жақында келіп кетіпті. Сен таңдап қойған жылқы маған да ұнап тұр. Сен алдын ала төлем қалдырмапсың. Сондықтан бұл жылқыны мен алып кетсем ренжімейтін шығарсың. Оралдан бір сәйгүлік алып кеттім. Тура Жаhанның сәйгүлігіне көзім түсті де қалды. Менікі енді", - деді Мадина Сәдуақасова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram