«Ұят тірлік» - Димаштың әкесі ашуға булықты (фото)

Oinet.kz 19-10-2021 4771

Димаш Құдайбергенннің әкесі Қанат Айтбаев баласына қатысты қауесеттерге пікір білдірді. Желіде әншінің лондондық миллиардерден үй сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда бұл жаңалық шындыққа жанаспайтын болып шықты. Димаштың әкесі оны толығымен теріске шығарып, хайп үшін жалған ақпарат таратып жүргендерге наразылығын білдірді.

Screenshot_3.png

Ашуға булыққан Қанат Айтбаев Facebook желісінде жазба жариялаған. Онда ол ұлының шетелден үй сатып алғанын жоққа шығарып, қауесеттерге нүкте қойды. Оған қоса, Димаштың әкесі жалған ақпарат таратушыларды заң жүзінде жауапқа тартатынын жеткізді. 

- Мынау - жалған ақпарат. Танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау - адамгершілікке жатпайтын, ұят тірлік. Бұл өтірік ақпаратты таратып отырған арна авторы ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады, - деп жазды Айтбаев. 

Желіде тараған жаңалықтың мәтінінде эстрада жұлдызының үйді 84 миллионға сатып алғаны жазылған. 


Алтынай Жорабаева: «Өткенді қайтара алмайсыз»
Төреғали Төреәлінің отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу