«Қорқынышты» - Айнұр Тұрсынбаева келеңсіз жағдай туралы айтты

Oinet.kz 18-08-2021 7591

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әлемде болып жатқан түрлі келеңсіз жағдайлар туралы баяндады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Айнұр Тұрсынбаева.jpg

- Қорқынышты... Қазір әлем күйзеліс толқынында тұр... Өрт, жер сілкінісі, су таскыны, авария... Өлім көп...Кеше ғана 5 адамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Мұның бәріне корона вирус кінәлі деп ойлайтын шығарсыз..Жок! Осы 1 айдың ішінде төрт адам асылып қайтыс болды! Осы тамыз басталғалы таныс, туыстарымның ішінен 7 отбасы ажырасыпты... Бәрін танимын, білемін.. Білмейтіндерім қаншама екен!

Адам баласы үшін ең қорқынышты нәрсе-жалғыздық! Жалғыздық дегеніміз жалғыз қалу емес! Жан дүниеңді түсінетін адам таппау! Сырласатын адамға мұқтаж болу..! Көп нәрсеге кінәлі телефон.. Телефоннан тек жамандық таратылатын болды! Бір-бірін қарғап сілеп жатқан жұрт.. Телефондағы жұрттың бәрі бақытты, жалғыз сен бақытсыз сияктысын.. Телефон жанымыздағы бала-шағамыздан алыстатты.. Күйеуінен тығылып инстада отыратын әйелдер. Әйелінен тығылып қыз аңдыған еркектер. Әке-шешеден тығылып төбелес көретін балалар.. Жалғызсырамағанда қайтеміз?! Қазір екінің бірі депрессияда.. Қаптаған психологтар соның дәлелі.. Яғни адамдар психикалық әлсіздікпен күресіп жатыр.. Есіңізде болсын, адам ешкашан жалғыз болмайды.. Не Алламен дос, не шайтанмен дос! Адамды депрессияға кіргізетін шайтан.. Ауырып калсан өлесің деп қорқытады! Ұрсысып қалсаң ажырасасын деп қорқытады. Қиындықты жеңе алмайсын деп коркытады..Жапанда жалғыз қалған адам қалай қорыкса Алладан алыстаған адам тура сондай қорқақ болады..Қорқақ адам өлгісі келіп тұрады.. Жаныңыз жабырқаса жайнамазға жабысыңыз.. Жайнамаздың үстіндегі Алламен сырласу мың психологиялык терапиядан артык! Адам қиналғанда "Мені осынша жылатып Алла қайда қарап отыр" дейді..

Құранда : "Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды" ("Тағабун" сүресі, 11-аят)

Шындығында Алла сынакты сүйген құлына береді! Не үшін! "Мен сені жараттым, олай болса маған жақында, мен сені мейіріміме бөлеймін, менен ғана сұра" деп береді...Шындығында Алласын тапкан адамнан аскан бакытты жан жок! ☝

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі сотталды
Мұхамеджан Тазабеков Тұрсынбекке қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу