Мадина Сәдуақасованың анасы және сіңлісімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Танымал әнші Мәдина Садуақасованың анасы және сіңлісімен түскен суреті көпшілікті тәнті етті. Бұл сурет әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Көлсайдың жанында Саты деген ауыл бар. Тура 45 жыл бұрын менің мамам @umbetova1955 Сатыда мектепте мұғалім болып жұмыс істеді ) 1978 жылы әкем Қызылордаға алып қашады , ну как* алып қашады, согласие*мен деп ойлаймын )) Осыншама уақыттан соң мамам бірінші рет қыздарын , күйеу баласын, құдағиін алып барып тұр бұл жерге ) Кешке концерт болды , сол концертте @alzhapbarov сахнадан “ 45 жыл бұрын мынандай әдемі жерден құм ,топырақ , ыстыққа Қызылордаға алып қашып, қинап, бірінші рет жіберіп тұрған сәті ағамыздың. Оған да рахмет деп қойыңыздар ! “ деп қалжыңдаған ))) Ой , мама кейін шәй ішіп : Қызылордамды сол моментте сағынып кеткенім- ай “ деп қояды ) Жаман болмадым, шүкір “ деп жас алып көзіне ) Судай сіңіп кетті деген осы шығар - деп жазды ол.
Әншінің бұл суретіне желі қолданушылары жақсы тілектерін білдіріп, жылы лебіздерін жарыса жазуда.
- "Әркімге өз туған жері қымбат қой,анаңның жасы ұзақ болсын", "Мадина ханым біз жақтың көркем табиғатын тамашалаған екенсіздер ғой", "Керемет! Анаңыз 100 жасасын!", "Осы аналарымыздың жолын берсін", "Мамаңызға ұқсайды екенсіз әдемі", "Табиғаты керемет жер", "Сатыға жету қиыыын ғой тау мен тауды аралап", "Анаңыздың түрі өтее жылы, жайдары", "Күшті , табиғаты әдемі екен, мамаңыз 100 жасасын" - деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram