Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев және оның жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
- Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан "жағдайы тұрақты" деген сөзі көп үміт және сенім береді, - деді Біржан Хасанғалиев