Қарақат Әбілдина туған күнін Түркияда дүркіретіп өткізді (видео)
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина туған күнін Түркия елінде ерекше салтанатпен өткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
- Бұл туған күн бұрынғыдан өзгеше. Жаныма кілең жақсы адамдар жиналып, тосын сыймен таңғалдырып тастады. Ешкімді “туған күнге кел” деп арнайы шақырған жоқпын. Мынадай уақытта, бәрі белгілі ғой. Стамбулдан 70-тегі апай құттықтап келіп бастап, оны құрбы-достар қоштап, күтпеген жерден шағын туған күн кеші үлкен бір тойға ұласты. Дәл осылай болады деп күткен де жоқпын. Десе де,жақындарымның ықыласы мені қатты қуантты. Осыншама ізет-құрметке бөленіп жатырмын, бақыттымын! Ол да болса жақсы ниет, ақ жүрегімнің арқасында шығар, Аллаға шүкір! Кіл игінің басын қосып, өте әдемі кешті ұйымдастыруға атсалысқан барша жақын-жақсыларыма рақмет! Алыс-жақыннан келіп жеткен жақсы адамдарым өздеріңізге көп алғыс! Алла көңілдеріңізді көтерсін. Сыйлап келген сіздерді Алла сыйласын, қолдасын! Құттықтап жатқан, жақсы тілек жаудырған бар қазағыма Алладан еселеп қайтсын деп тілеймін! Жақсы адамдарым, жақсы адамдарым, Кем емессіңдер патшадан бәрің - деп жазды әнші.
Ал, желі қолданушылары Қарақатты туған күнімен жарыса құттықтауда.
- "Батыр аналарымыздан, тек батыр қыздар туылады! Сіз мықтысыз!", "Ұқпаймын. Неге жағдайы бар қазақтар шетелге кетіп жатыр? Қазақстанды бір жамандық күтіп тұр ғой тегі. Шынайы Алланың құлы болсаңдар айтындар, кәне, бар шындықты халыққа?! Әй, қайдам, ондайлар араларында бар ма екен?", "Қарақатжан жаңа жасыңда жамандық көрме,отбасыңмен тек шаттығы мол өмір сүре беруіңе тілектеспін!", "Қазақтың үлгі тұтар келіні кім десе сізді айтар едім орамалы басында туылған күніңізбен әпкетай" - деп жазды желі қолданушылары.