Қарақат пен Қыдырәлінің отбасылық суреті жұртшылықты сүйсіндірді (фото)
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың отбасылық суреті жұртшылықты тәнті етті. Олардың суреті әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Әрі тұр, бері тұр, жылама, күл, қолыңды түсір, көзіңді аш деп улап-шулап түскен 20 шақты кадрдың ең жарамдысы осы болып тұр. Ал, сәлем бердік ағайын... Отбасы... “Отан - отбасынан басталады” дегенді естіп өстік. Расында отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы негізі. Адамның жеке басының тұлға болып қалыптасуы да отбасынан басталады. Баланың есінде туған үйдің жылуы – көкірегінде көп жылдар бойы сақталады.
Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқа еш нәрсемен өзгертуге болмайтын құндылық. Заманның қазіргі кейпіне қараймын да, бұл қасиетті ұғым қадірін жоғалтып бара ма деген ойға қалам.
Десе де, айналып келгенде біз нәзік жандыларға да көп дүние тікелей байланысты. “Керек кезінде керең, қажет кезінде соқыр, реті келгенде мылқау бола сал” деуші еді анам жарықтық. Қазіргі жасқа мұндай ақыл өте ме, өтпей ме, белгісіз... “Өзің үшін өмір сүр, қалағаныңды жаса, өмір бір-ақ рет беріледі” деген батыстық психологияның да көп отбасыны құрдымға жібергеніне қаламасам да куә болып жүрмін. Алла әр істің қайырын берсін! - деп жазды әнші.
Өнердегі қос жұптың жанұялық суретіне көпшілік ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.
- "Осындай отбасына Алла Тағалам бақытты, қуанышты ғұмыр нәсіп етсін", "Отбасының бақытты болуына әрине ананың ақылдылығы, мейірімділігі, сабырлығы үлкен роль атқарады, Қарақат сіңілім мен өте ризамын, барлық өлеңдеріңді сүйіп тыңдаймын. Өйткені барлығы өте мағыналы, мәнді. Маған да Алла Тағалам Қарақаттай келін нәсіп етсе екен деп тілеймін", "Керемет! Дұрыс айтасыз Отан- Отбасынан басталады, отбасыңыз аман болсын. Үйіңізден ынтымақ, дәулет, бақыт кетпесін", "Алла тағала тек жақсыны қалаушысы. Жаратқан жар болсын баршамызға,керемет отбасыдан әдемі фото", "Шынайы нағыз қарапайым отбасы. Алла жар болсын!", "Қақат өзіне ұқсайтындарын өз жағына Қыдыкең өзіне ұқсайтынын өз жағына алып түсіпті ғой. Әдемі. Бақытты болыңдар, көп жасаңдар!", "Отбасым-құндылығым! Мақтанышым, өмірім! Балапандар аман болсын! Әрі тұр, бері тұр деп түсірген сәттеріңіз көз алдыма елестеп кетті" - деп жазды желі қолданушылары.