«Бес баланы сыртынан қамап кету деген...» - белгілі әнші Ибраимовты қолдады (видео)
Белгілі әнші Досымжан Таңатаров Ермахан Ибраимовтың бес баланың өлімі туралы айтқан пікірін қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Бес баланы қамап кету үшін де... Ерекеңнің де айтып тұрғанына бір жағынан қарасаң жан бар. Біз еріккеннен дүр дейсің бе? Бала-шағаны бағу үшін жүр деп айтуыңыз мүмкін сіз. Бірақ, сен аштан өліп, қырылып жатқан жоқсың ғой. 50-60 мың теңге тауып келгеннен гөрі бес балаға беретін тәлім-тәрбиесі, оған беретін дүниесі кейін келеді де оның қайырымы. 10-15 жылдан кейін келеді. Оның жақсы білім алғаны, тәрбие алғаны жақсы болып келеді. Бірақ, уақытында 60 мың теңгесі пайдалырақ болғаннан кейін мынаны тастап қойып ана жаққа кетіп жатсыз. 60 мың теңгелеп ақша жинағаныңызбен ертең баланың білімсіздігін, тәрбиесіздігін ақша беріп түзей алмай қаласыз ғой - деді Досымжан Таңатаров.