Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды
29-03-2021
Белгілі әнші Досымжан Таңатаров боксшы Ермахан Ибраимов туралы пікір білдірді. Соңғы уақытта, көпшіліктің сынына жиі ілігіп жүрген әлем чемпионына қарсы шыға бергеннен гөрі жақтағанымыз жөн дейді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Спортшы болсын, өнер адамдары ең бірінші эмоция келген кезде соған бой алдырып қоямыз. Өнер адамдарының кемшілігі, спорт саласындағы адамдардың мәселесі осы. Осы жағынан көбі таяқ жеп жатыр. Жағдайға байланысты ұрынып қалып жатыр. Саясаткер емес екені көрініп жатыр. Спортшылар көп жағдайда байыбына бармай, уақытындағы ғана мәселені қалай шешу керек екенін ойлап қалған бұлар. Сол жағына келгенде Ерекеңнің әлсіз тұстары көрініп жатыр. Бұлар басқа саладан жетік, ал сөйлеу жағынан, мәдениеттілік жағынан әлсіз екені көрініп тұр. Біздің Үкімет, мемлекет оны дұрыс пайдаланып отырған жоқ. Көшеге елмен бірге, билік басындағылармен бірге шықты ғой. Атып шығып е қайтыңдар деген жоқ. Ол сол праймеризге түсіп жатқан уақытта солармен бірге жүрген жоқ па. Танымал адамды тыңдайтын шығар тыныштыққа шақырса деп пайдаланды. Оның ойы жақсы нәрсе ойлаған шығар. Бірақ, ана жерде істеген әрекеті, қылығы халыққа жағымсыз дүние секілді көрініп қалды. Оны мүмкіндігінше ол жерге жақындатпау қажет еді. Өмірімде осында келгенде Майк Тайсонды көрдім. Қимылы шарт-пұрт. Әңгімелесіп тұрғанның өзінде ұрып жіберетін секілді болып тұрады. Менің түсінгенім ақылынан гөрі қолы бірден кетіп қалуы мүмкін еді. Сол секілді Ерекең де рингтің адамы. Бокстан әлем чемпионы. Бәріміз елді көтереді деп отырған адамды әкеледі де мынадай ортаға әкеп итере салдық. Эмоциясын жасыра алмады. Бақса нәрсе айтамын деп, басқа нәрсе істеп жіберді. Істеп жатқан нәрсесі әдейі сияқты көрінді. Ермаханды отқа итеріп жатырмыз. Оның дұрыс нәрсесін айтқымыз жоқ - деді Досымжан Таңатаров.