Қайрат Нұртастың әйелі жақында кітап шығармақ (видео)

Oinet.kz 02-03-2021 1472

Отандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова кітап шығармақ. Жақында "Сезін" атты кітабының тұсаукесері болатынын Instagram парақшасындағы жазбасы арқылы хабарлады. 

Жұлдыз Абдукаримова.jpg

- ...Қайынсіңлімнің «Жеңге, Нарұл! Нарұл!» деген жанұшыра шыққан даусы саңырау тыныштықты ұрғылап жатыр. Ал менде үн жоқ. Қанша уақыт өткенін білмедім. Әйтеуір, бұғаудағы бойымды ышқына кеп босатып алдым. Бала кездегі баялыш бұл жолы қолыма емес, жүрегіме қадалғандай. Селк ете түстім... - деп жазды Жұлдыз Абдукаримова. 

Желі қолданушылары жағымды жаңалықты қуана қарсы алды.

- "Кітаптан үзіндінің өзі адамға ой саларлық дүние сияқты,жақсы бір туынды күтіп жүрміз,тездетіп шығарсаңыз", "Бұл бұрын болған жағдай ғой, Нарұл қазіргі кезде жақсы. Жұлдыз ұлының қиын жағдайда болғаны туралы мүмкін кітап жазған болар, бұл үзінді", "Есімде,менде ұлымды узиға апарғанда сізде ұлыңызбен келгенсіз, Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін ұлыңызға,балалар ауырмасын", "Жақсы болып кетті деп едіңіздер ғой. Алла шипасын берсін. Көрмеген болып кетсін", "Аллам шипасын берсін,балалар ауырмасын ешқашан", "Денің сау болсын жаным бала-шағаңның несібесіне, Қайраттың несібесіне. Қайрат бір сұхбатында айтқан еді мен Жұлдызсыз өмір сүре алмаймын деп. Сондықтан аман бол!", "Кітабыңызды асыға күтудеміз" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Мейрамбек Беспаевтың әкесімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу