«Өнер жолында ұзын киіп нан таппайсың» - Ақбота Сейітмағамбет

Oinet.kz 16-02-2021 1193

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет хиджаб киіп, кейін оны не үшін шешіп тастағаны жайында айтты. Желіде сол үшін халықтан сөз естіген әнші көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

WhatsApp Image 2021-02-16 at 11.51.57.jpeg

Ақбота  өзінің хиджабты киіп, қайттан шешкенін оған дайын болмағанымен байланыстырады. Алайда, өнер иесі болашақта қайттан орануға ниеті бар екендігін айтты.

- Сөздің ашығына келетін болсам, мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайсың. Ал Instagram желісінде көбісі сұрақ қояды. Оның сексен пайызы оранбаған қыз-келіншектер, маған ақыл үйретенідер. Ал оранған әпкелеріміз керісінше мотивация береді. Бұл жағдай менің дайын болмай келгенімнен шығар деп ойлаймын. Егер мен дайын болып келсем, мүмкін хиджабты өмірімнің соңына дейін киер едім. Мен бәрібір де әлі үмітімді үзбеймін. Қанша жасқа дейін өмір сүретінімді бір Алла біледі. Алайда, кейін мен немерелерімнің көзінше ашық-шашық болып отырғым келмейді. Ең бастысы жүректе иман бар. Хиджабқа ешқандай күйзеліс салдарынан келген жоқпын. Біріншіден, хиджаб ешқандай да ойнайтын нәрсе емес. Екіншіден, мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінен жоқ болып кетемін. Бір-екі апта бойы күйзелісте жүргенімді көрсетпеймін. Себебі, менің проблемам біреуге керек емес, деді әнші  "Ревю" бағарламасында берген сұхбатында.




Ерке Есмахан сүйіктісіне ессіз ғашық екендігін жеткізді (фото)
Димаш үшін Мексика қазақ тілін үйренгісі келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу