Ерке Есмахан сүйіктісіне ессіз ғашық екендігін жеткізді (фото)
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан махабаттан басы айналып, көп нәрсеге уақыт таба алмай жүргенін ашық жеткізді. Өнер иесі сүйіктісіне ессіз ғашық болып қалғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына ашылып, оларға өзінің ғаламтор кеңістігінен алыстап кетуінің себебін түсіндірді. Әншінің айтуынша, бүгінде ерекше махаббат сезіміне тап болған, оның ғашығынан басқаға уақыты жоқ. Ол тіпті әлеуметтік желіге деген қызығушылығы жоғалып кеткенін жазды. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтты.
- Инстаграмға деген қызығушылығым жоғалып кетті. Бұрынғыдай суретке түсіп, сторис салуға мауқым жоқ. Инстаграмсыз шынайы өмірім қайнап жатыр. Бақыттымын, қатты сүйіп қалдым, мені де дәл солай сүйеді. Бірақ әлеуметтік желіні де ұмытпау керек, деп жазды Ерке Есмахан. Желі қолданушылары бірден Еркенің жазбасына жарыса жауап беріп, оған желіден жоғалып кетпей байланысқа шығып тұруын сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram