Қарақат Әбілдина халқын сағынғанын айтып, жантебірентерлік жазба арнады (фото)

Oinet.kz 04-02-2021 2807

Қазақстандық белгілі әнші Қарақат Әбілдина елін сағынғанын айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат Әбілдина.jpg

- "Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ" - деген бар. Хан да, би де, болыс та, сал да, сері де, күйші де халыққа арқа сүйейді.

Мен де, қазағым! Халқым! Қазынам! Сіздермен ғана бармын, баймын!

Марқұм әкем мен анамның ғана баласы емес, мен күллі қазақтың қызы екенімді, үлкеніне бауыр, кішісіне әпке екенімді әуел бастан ұғындым.

Аңдамай сөйлеген жалғыз ауыз сөзің, аяғыңды шалыс басқан кезің - бәрі бәрі әуелі Алла, одан кейін - халықтың назарында. Қаншама көз қарайды, қадамыңды санайды, сөздеріңді сынайды - оңай емес. Көптің көңілін бірдей табу, барша жұртқа түгел жағу - мүмкін емес. “Бәріміз пендеміз, періште көкте ғана” дегендей ғой...

Бұл жол, өнер жолы - ауыр жол.

Жылайсың да күлесің. Шыдасаң ғана жүресің.

Елден жырақта жүргенде халқыңды бұрынғыдан ерекше жақсы көріп кеттім-ау деймін. Біз мұнда келгелі, хат жазып жөн сұраушы да, жол сұраушы да көп. Ем іздеп келген, оқуға келген, алданып қалып жатқан қазағым да көп. Енді біз мұнда біршама болып қыр-сырын біліп, адалын танып қалдық.

“Кім бай болам демейді, Құдайы қаламайды,

Кім би болам демейді, халқы қаламайды” деген ғой. Қалағанға ғана білгеніммен бөлісіп, жөн сілтеп, жол көрсетіп жүргенім рас. Жалпы, әрқашан әрқандай тақырыпта кеңес беруге де әзірмін - деді Қарақат Әбілдина. 

Әншінің жүрекжарды жазбасына көпшілік түрліше пікір білдіруде.

-  "Керемет. Үлгі тұтамын. Ана ретінде де, əйел ретінде де, əнші ретінде де жəне қоғамның мəдени қайраткері ретінде де. Аман болыңыз!", "Сен Қазақстанда емессің ғой. Көшіп кеткенсің, енді сол жақтың әншісі бол. Халықты расымен де сыйласаң, туған жеріңді жақсы көрсең солай кете салу оңай деп ойламаймын. Не көрсеңде халықпен бірге көріп жатқан жоқсыңдар. Күнде байлықтарыңды көрсетіп шаттанасыңдар. Тым болмаса үйі жоқтарға үй алып, инвалиттерге ақша беріп сауап алсаңдаршы. Зарлап халықтан сұрайды, біз не береміз. Өзіміз әрең күн көріп жатырмыз", "Соңғы уақытта осындай "Ақталу" постын жиі жазатын болыпсыз. Қиын қыстау кезеңде елден кетіп қалғаныңыз үшін бе, әлде?", "Елді алыстан жақсы көру керемет, нағыз патриотизм", "Қарақат ханым сіз өте жақсы әйел, адал жар, жақсы анасыз. Сіздің жолыңызды берсін бізге. Отбасыңызға амандық тілеймін", "Қарақат сізді қазақ қызы, қазақ әйелінің символы ретінде үлгі тұтамын, құрдасым болсаңыз да! Сонымен қатар, ақылыңызға көркі сай әйел ретінде құрметтеймін. Сізге Алла бәрін үйіп төгіп берген ниетіңізге қарай. Алла бергенінен танбасын. Сіздің жолыңызды бізге де жұғысты қылғай" - дейді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

«Надан халықтың қалтасын ақтаруда» - Ермек Тұрсынов (видео)
Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтың жас күніндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу