Сәкен Майғазиевтің қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 09-12-2020 2117

Қазақстандық танымал әнші, «МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиевтің қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz. «Қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын пост жазған ол бұл фотоны Instagram парақшасында жариялады. 

image.png

-  Қызға қырық үйден тыйым:

1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.

2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.

3. Талтайып отыруға тыйым.

4. Шалқайып жатуға тыйым.

5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.

6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

8. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.

9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.

10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.

12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.

13. Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

14. Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.

15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.

19. Бейәдеп сөз айтудан тыйым.

20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің атын атауға тыйым.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

22. Ұрыс-керіске тыйым.

23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

24. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

25. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

31. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.

32. Бүйірін, жағын таянуга тыйым.

33. Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.

34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

38. Алдап-арбауға тыйым.

39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.

40. Тойымсыздыққа тыйым. АЛЛАh ұлық! - деп жазған әнші.

Сәкен Майғазиевтің қыздарымен түскен суретіне көпшілік жылы лебіздерін білдіруде.

- "Қазақтың қылықты, ибалы, салих қыздары болып өссін", "Осы тиымдарды,қыздар ұстай білсе,қандай керемет", "Осы қырық тыйымға сай келетін қыз барма екен,келін қылып алайын", "Тамаша көрініс", "Өте керемет", "Тамаша! Аман болыңыздар!", "Тамаша! Қыздарыңыз аман-есен, өнегелі, тәрбиелі болып өссін" - дейді желі қолданушылары.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазиев (@saken_maigaziyev)

Мақпал Жүнісова өзін толық дегендерге жауап берді (видео)
Әнші Айқын Төлепбергеннің әйелі елді шошытып қойды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу