Келініне өз қызындай ақыл айтқан Майғазиевтің анасы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
«МузАрт» тобының белді мүшесі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев ауылы Созаққа барып, анасымен сәлемдесіп қайтты. Ауылының тыныс тіршілігін көрсеткен ол желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы әнші Instagram парақшасына видео жариялады.
- Көңілі таза бұлақтан,
Көкірегі жарық шырақтан.
Айналып жүрер толғанып,
Келсең де жақын, жырақтан.
Аяғың жерге тигенше,
Арқалап жүріп жұбатқан.
Әлемді кезіп жүрсе де,
Әлдиі кетпес құлақтан.
Анаңнан асыл бар ма екен?
И.Сапарбаев. АЛЛА тағала аналарымыздың разылығына бөленуімізді бұйыртып, екі дүниенің бақытын бергей - деп жазды ол.
Әншінің анасына деген құрметін көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде.
- "Жәнееееем апау! Алла мықты денсаулық берсі! Ұзааааааааақ ғұмыр берсін", "Динараны қызындай көріп ойлап тұрған анадан айналасың ғой! Жасағанай деген сөзінің өзінде қаншама мән жатыр!Аман болыңыз алтын құрсақты ана!", "Динара керемет келін, өзің алтын ұлсың, анаң аман журе тұрсын Сәкенжан", "Қарты бар үйдің қазынасы бар. Алланың берген жасын жасай берсін", "Тым жақсы әже өзі! Аллаһ деніне саулық, ұзақ ғұмыр берсін", "Керемет отбасы көз тимесін. Анаңыздың жүзі жылы нағыз дара әже. Әжені жақсы көріп қалдық жиі салып тұрыңыз", "Сакентай аналарымыз аман болсын! Жүдеусің өзіңе дұрыстап қара, шілеййй қыздардың айтқанын жасай берме деп келініне жаны ашып жатқан жүректен айналасың ғой! Осындай әдемі қартаюды жазсын! Жүз жасасын анаңыз, біррр мейірім төгіліп тұрады осы ападан, Аллаға шүкір!" - деп жазды олар.