«Содан бері 22 жыл өтіпті» - Қарақат Әбілдина (видео)

Oinet.kz 23-08-2021 2303

Танымал әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесі туралы жылы естелігімен бөлісті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат.jpg

- Әке аманаты! Қыдыр екеуіміздің үйлену тойымыздан кейін әкем марқұм күйеу баласына қарап:

- Айналайын, сенен бір өтінішім бар. Көп баламның ішінде өнерге жақыны - осы Қарақатым. Қызымның өнері өлмесін,-деді.

Қыдекем сөзге келген жоқ.

- Жақсы, - деді басын изей.

Міне, содан бері 22 жыл өтіпті.

Әке аманатын арқалаған Қыдекем мені ел алдына сахнаға алып шығып,күні бүгінге дейін жылы алақанында аялап келеді.

Екеуміздің ең алғашқы жазылған “Аяулым” әніндегідей:

Бар өмірім алда

Сен қасымнан қалма,

Оята бер таңда,

Аяулым, - демекші, өмірдің ыстық-суығы мен қысы-жазын бірге өткеріп келеміз.

Аллаға шүкір! Тойдың қызығы көп.

О кезде дәл қазіргідей үлкен мейрамханалар жоқ. Ең зор дегенде, 200 адамдық мейрамхана. Ал біздің шақырған қонағымыз 500-ге жуық. Не істейміз? Шарқ ұрып, Алматының той өткізетін ғимаратын іздедік. “Алтын алма” мейрамханасына тоқталып сол жерге өнер, әдебиет, білім, ғылым, медицина саласының марқасқалары жиналған дүбірлі тойда үлкендердің ақ батасын алдық.

Сонда әкем тұрып:

- Бұл менің тойым ғана емес, елдің тойы болды,-деген еді ризашылық кейіппен...

Әр жыл сайын сол күн көз алдымда биіктей бергендей. Жылы естелікке толы күнді Қыдекеммен сағына еске аламыз.

Жақсылардың берген батасы болар, бір-бірімізге адал жар болдық. Жыл өткен сайын бір- бірімізге деген сыйластығымыз, құрметіміз артып,бір бүтінге айналдық. Осы клипте қол бұлғап тұрған Бекболатымыздың артынан бауырлары ерді.

Өміріміз өздеріңіздің көз алдарыңызда өтіп келеді,

солай ғой. Аллаға сансыз шүкір!

Әр қазақтың қызы ақ көйлек киіп,өзін ханшайым сезінсін! Баршаңызға шын жүректен бақыт тіЛеймін!

Махаббаты мәңгілік сақтаңыздар!

Жар-жар! - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Тұрсынбек Қабатов оқырмандарына жантебірентерлік жазба арнады
Келініне өз қызындай ақыл айтқан Майғазиевтің анасы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу