Танымал әнші алғаш рет ұлын көрсетті (фото)
Отандық танымал әнші Луина қалың көпшілікке ұлын алғаш рет көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба арнады.
Тамыз айында босанған Луина ұлы Давидты желі қолданушыларына енді ғана көрсеткен. Өнер иесі бұған дейін баласын тек арқасынан түсіріп, ғаламторға барынша бетін жауып жариялап тұрды.
Алайда, араға екі айдан астам уақыт тастап, ерлі-зайыптылар перзентінің түрін жасырмауды жөн көрген. Әнші ару Instagram парақшасында ұлының алғашқы күндері жасалған отбасылық фотосессияны ел назарына ұсынып, барша жанкүйерлерін қуантты.
- Бүгін біз сіздерге өзіміздің асылымызды сеніп тапсырмақпыз. Сурет Давидтің дүниеге есігін ашқанына санаулы күн болғанда түсірілді. Бұл фотода оның туғанына 10 күн ғана өткен, - деп жазды Луина.
Оқырмандар Луинаның ұлына тәнті болып, оған деген ыстық ықыласын жаудырды. Желі қолданушыларының басым көпшілігі Давидтың жұлдызды анасынан айнымай қалғанын жарыса жазды.
- "Анасының көшірмесі" , "Анасының аузынан түсіп қалған" ,"Луина сізге тартып кетіпті" , "Анасына тартқан" , "Анасынан айнымайды екен" , "Луина өзіңіздің аузыңыздан түсіп қалғандай" , "Тәтті отбасы, бақытты болыңыздар" , "Сондай сүйкімді балапан, анасына да, әкесіне де ұқсаған секілді" , "Давид Луинадан айнымай қалған екен. Әкесіне қатты ұқсай қоймаған секілді", - деп жазуда желі оқырмандары.