Қайрат Әділгерей сұхбат барысында көзіне еріксіз жас алды (видео)

Oinet.kz 12-10-2020 3338

Қайрат Әдігерей сұхбат барысында көз жасына ерік берді. Аяулы анасын сағынған азамат сағынышын жасыра алмады. Менің жеткен жетістігімді анам көре алмай кетті деп қынжылды. Бұл туралы "Талқылайық" арнасына айтылды. 

image.png

Қайрат Әділгерей отбасында екі ағайынды. Үлкен әпкесі 9 жасында шетінеп кетті. Кіші әпкесі бар. Актердің 6 айлығында әкесі өмірден өткен. Анасы 2010 жылы бақиға аттанды. 

- "Менің Қайрат Әділгерей болғанымды анам көре алмай кетті. Менің Алматыға барғанымды қаламаған еді. Кейіннен менің қасыма келді. Өмір бойы есепші болған адам. Өмірінің соңында екіге екіні қоса алмай қалды. Менің өскенімді, актер болғанымды, сахнадағы өнерімді көрген жоқ. Сол үшін өкінемін. Кей достарым әуежайдан анасын күтіп алып жатады. Анасымен бірге тұрады. Соларға қарап қызығамын. Көңілді адам болғаныммен көңілшекпін. Көп жылаймын. Көңіл-күйімді жасыра алмаймын. Жалғыз қалғанда, өзіммен өзім қалғанда көп жылаймын. Туған жеріме табаным тигенде алдымен анаммен амандасу үшін басына барам. Сүйегі туған жерінде жатыр", - деді Әділгерей. 

Актер анасын еске алып, көз жасына ерік берді. Сұхбат барысында еңкілдеп жылады. Бұл анасын сағынған азаматтың көз жасы. 

Қайрат Әділгерей бір кездері жол апатына түсіп, аяғына зақым келгенін талай рет айтқан. Алайда аяғының қысқалығы үшін театрда өнер көрсете алмағанын айтпаған еді.

- "Алматыда жол апатына түстім. Аяғымды кесіп тастамақ болды. Білікті дәрігерлер ота жасады. Бір аяғым екінші аяғымнан 4,5 см-ге қысқарып қалды. Ол кезде студент едім. Академиялық демалыс алмақ болдым. Ұстаздарым менің өз курсыммен бітіріп шыққанымды қалады. Балдақпен, таяқпен жүрдім. Жігіттермен төбелесіп, сол аяғымды тағы шығарып алдым. Солай 6 жыл арпалыстым. Театрға барғанымды ақсақ адамды қалай аламыз деп бетіме айтты. Ақсақ Темірдің рөлінен басқа рөл жоқ деді. Солай телевидениеге кеттім", -  деді әзілкеш. 

Әділгерейдің жұлдызды шағы 2010 жылы "Базар жоқ" театрына келген сәттен басталды. 

- "Базар жоқта" алғаш соғыс туралы ескі моногогімді оқыдым. Жеңіс күніне сай келгендіктен соғыс туралы монолог оқуымды Тұрсынбек сұрады. Әзілім ешкімге өтпеді. Содан өзімнен жиіркендім. Жер болдым. Театрда істей алмаймын деп ойладым. Бірақ әйелім қолдау көрсетті. Бірден тауың шағылмасын деді. Өзімді қамшыладым. Жаңа әзілдерді ойластырдым. Қазір өз көрерменім бар деп ойлаймын", - деді ол. 

Қайрат "Түнгі студия" бағдарламасын жүргізені белгілі. Ерлан Қарин Қайратты арнайы шақыртып, бағдарламаны тізгіндеуді сұраған. Ол үшін Қайрат Тұрсынбектің рұқсатын алған. Алайда бастапқы айларда өзімді жайсыз сезіндім дейді.

- "Бағдарламаға келген кей қонақ маған келгенде Нұрлан Қоянбаевқа келгендей келген жоқ. Мені менсінбеушілік болды. Әсіресе Нұрдәулетпен қиын болды. Ол маған көмектеспеді. Бір сұраққа басқа жауап айтып отырды. Ең қиыны Нұрдәулет еді. Мен біреудің басқарған бағдарламасын қайталағаным үшін өзімнен жиіркендім. Желідегі пікірлерді оқыған жоқпын. Кейін әбден үйренісіп, еркін жүргізетін болдым", - деді ол. 

Қайрат Әділгерей: «Әрбір өнер адамының отбасында трагедия бар»
Азамат Сатыбалды отбасылық өмірінің құпиялы тұстарын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу