Қайрат Әділгерей: «Әрбір өнер адамының отбасында трагедия бар»

Oinet.kz 11-10-2020 2218

Танымал актер Қайрат Әділгерей тележүргізуші Аман Тасығанның "Талқылайық" бағдарламасына берген сұхбатында алғашқы ұстазы Сәбит Әбдіхалықов пен әншілерді шегіртке деп сынаушылар туралы ойын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Қайрат Әділгерей.jpg

"Сәбит Әбдіхалықовты ұстазым деп айта аламын. Мен ол кісіден эстрадалық бағытты үйрендім. Қай әзілді қалай айту керек, қалай жеткізу керек, оны қалай айтса, халыққа өтеді деген нәрселер. Сәбит ағам тіпті мен үшін "Ханталапай" киносын жазып шықты. Ол менің алғаш түскен кином еді", - деді актер. 

Сонымен қатар, ол әрбір өнер адамының артында 5-6 отбасын асырау міндеті тұрғанын айтты.

"Бұл құдайдың есебі. Әрбір өнер адамының артында 5-6 отбасы тұр. Оны асырау міндеті тұр. Сол үшін ол халық алдында жарқырап жүруі керек. Халық  әртістер есіріп жүр деп ойлайды. Әрбір өнер адамының отбасында трагедия бар. Әрқайсының отбасында проблема бар. Оны дұрыс түсіну керек. Әртісті шегіртке деп, басқа деп мазақ етуге құмар болып алды", - деді Қайрат Әділгерей. 

Қайрат Әділгерей: « Тұрсынбек намаз оқығалы әзілдері уағыз секілді болып бара жатыр»
Қайрат Әділгерей сұхбат барысында көзіне еріксіз жас алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу