Енем иттің етін жеуге шақырды
01-11-2022
Танымал актер Қайрат Әділгерей тележүргізуші Аман Тасығанның "Талқылайық" бағдарламасына берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатов туралы ойын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Тұрсынбек - халықтың сүйіктісі. Ол талқыланбайтын тақырып. Одан кейін - Қанат Әлжаппаров. Ол да талқыланбайды. Ол үшін ешкім неге мен екінші емеспін деп таласпайды. Себебі біздің әрбіріміздің абыройымыз - театрдың абыройы. Біздің әрқайсысымыздың өшкеніміз немесе өскеніміз басқаға керек емес. Бастысы Тұрсынбек өшпесе болды. Ол өшсе, біз де өшеміз, - деді Қайрат Әділгерей.
Сонымен қатар, ол Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы өнері туралы пікірін білдіре кетті:
- Тұрсынбек соңғы кезде намаз оқығалы бері әзілдері де уағыз секілді болып бара жатыр. Оны Қанат екеуміз байқадық. Сосын ақылдаса отырып оны Тоқаңа ескерттік. Қанат айтты "Тоқа, халық сенен әзіл күтеді" деді. Тұрсынбек оны ескерді. Форматын ауыстырды. Біз осылай біріміз көріп тұрған нәрсені ашық айтамыз, - деді актер.