Әлішер Каримовтың әкесімен түскен суреті елді сүйсіндірді (фото)
Отандық танымал әнші Әлішер Каримовтың әкесімен түскен фотосы Instagram-да Gakku.tv парақшасында жарияланды. Фото көпшіліктің назарын өзіне аударып, Әлішер мен әкесіне жылы лебіздердін білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Осындай ұл тәрбиелегеніңіз үшін сізге рахмет!", "Ұлты басқа болса да, қазақ тілінде ән айтады. Қазақша сайрап тұр, өз қазағымыз қазақ тілінде сөйлей алмай жүргенде. Бакытты болыңдар!" деген сарында пікірлер жаудырды.
Еске сала кетейік, Әлішер Каримов 1985 жылдың қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған. Қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.