Енем иттің етін жеуге шақырды
Енем звондады:
– Келін-ау бүгін үйге келсеңдерші ит асып жатырмын деп. Содан оны естіген біздің сары қыз қуанғанынан орнынан секіріп кетті. Оо апам ит асыпты барайықшы. Апамның асқан иті тəтті болады деп. Мен аң-таңмын.
– Ит асқаны несі? Қашаннан бері апаң екеуің ит жейтін болғансыңдар? Сен ит жеп жүрсіңба сонда?
– Иə,- дей берген қызыма неге жейсің деп бұлқан-талқаным шығып ашуланайын. Қайтадан апасына звандап, апа ол итті қайдан алдыңыз десем, жайбарақот базардан сатып алдым да деп тұр. Тіптен шок болдым. Иегім жерге тіреліп, ішегімді тартып, есеңгіреп барып есімді жидым.
– Базарда кəдімгідей иттің етін сатып тұрма деймін. Апа:
– Əй сен де бір. Ит емес итше ит. Недеуші еді əлгі ?? Ет дегенімғой. Кəдімгі жылқының еті.
Мен саған миым ашып жүріп татаршалап айтып жіберіппін деп күліп жіберді.
Қайдан білейін татаршада етті ит деп айтатынын. Ит дегенге көз алдыма бұралқы, көше кезген қаңғыбас ит елестеп, тапа-тал түсте талып қала жаздадым емес пе.
Сонда да деймін-ау.
Жалғыз өзінің тамағынан өтпей, келінін ит жеуге шақырған апама шын жүректен риза болдым.
Алтын кісі ғой өзі.
Сіз аман болыңызшы ене-апа. Бас аман болса, əлі талай ит жейміз.
Салтанат Абылбекова
Facebook парақшасынан