Зарина Омарова: «Аз ақша табатын қарапайым полицейге тұрмысқа шықтым»

Oinet.kz 08-09-2020 3000

Әнші Зарина Омарова "Время" газетіне берген сұхбатында қатардағы полицейге қалай тұрмысқа шыққанын, 10 жыл үй шаруасындағы әйел болғанын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зарина Омарова.jpg

Заринаның айтуынша, жолдасына өзі бір көргеннен ғашық болған. Оның ақшасы жоғына қарамастан тұрмысқа шығуға келіскен. 

"Ол кезде мен бәрінің қолы жетпейтін қыз болдым, жұлдыз болдым. Ол қарапайым отбасынан шыққан, ақ ақша табатын жігіт еді. Ол маған сөз салуға да ұялатын. Сондықтан маған бәрін өз қолыма алып, оның маған ұнап жүргенін бірінші болып айтуыма тура келді", - деді әнші.

"Жолдасым жалақы әкелгенде киім-кешек алуға баратынбыз. Мен жолдасым мен балаларыма ғана киім алатынмын. Себебі өзім ешқайда шықпайтынмын. 10 жыл бойы күйеуімнің мансап жолында өсуіне көмектестім. Өз өмірімді өзгертіп, оны қолдадым. Ол органда қарапайым қызметкер болды. Ұлттық компанияда істеді. Мен онымен бірге әр қалады болдым. Жұмыс барысымен Нұр-Сұлтанға келдік. Өзімді ұмытып кеттім десе де болады. Ешқашан әнші болмағандаймын. Өзімді күйеуімнен жоғары қойған емеспін. Атағыммен мақтанған емеспін. Жолдасымды азамат ретінде құрметтедім. Тұрмысқа дейінгі жетістігіме жұмысым ретінде қарадым. Өмірде жақсы жар, бақытта ана болудан асқан бақыт жоқ", - деді Омарова. 

Айтуынша, ол жолдасының ақымақ емес екенін білген, оның болашағы жарқын боларына сенген. 

"Ол аяқтан нықтап тұрған соң жақсы ақша таба бастады. Менің қайта сахнаға шығуыма көмектесті. Менің сахнасыз ешкім емес екенімді түсінді. "Егер сен арықтасаң, қайта сахнаға шығарамын" деді. Сондықтан мен 6 айда 35 келі салмақ тастадым", - деді Зарина. 

Айнұр Тұрсынбаева қызды болды (жазба)
Қазақстандық танымал әнші қалыңдық атанды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу