Қазақстандық танымал әнші қалыңдық атанды (видео)
Вайнер мен актер Шәріп Серік Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембекке үйленуге ұсыныс жасап, келісімін алды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы мекемелердің бірінде өткен салтанатты шарадан кадрлар Instagram парақшасында әншінің өзі және болашақ ерлі-зайыптылардың достары жариялады.
Кадрлардан актердің алдымен сүйіктісіне ән арнап, кейін тізерлеп отырып ұсыныс жасағанын байқауға болады. Say Mo қуана келісім берді.
Айта кетейік, Шәріп Серік Instagram-дағы қысқа әзіл роликтерімен танымал. Ол сондай-ақ "Районы", "Бизнесмены" және "Махаббат кафесі" фильмдерінде ойнады.
Say Mo TNT-де "Песни" жобасына қатысқаннан кейін танымал болды. Қазақстандық әнші шоудың финалына өткен жоқ, алайда оның Назима Жәнібековамен (Назима) бірге көрсеткен өнерін Тимати жоғары бағалады. Кейін ол тіпті Say Mo келісімшарт ұсынды, бірақ ол BlackStar лейблынан бас тартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram