Әнші Ақбота Сейтмағамбет жанындағы жігіттің кім екенін ашық айтты (фото)

Oinet.kz 25-08-2020 1823

Таяуда ғана Дәурен Айдарқұловпен ресми түрде ажырасқан Ақбота Сейтмағамбеттің бейтаныс жігітпен түскен суреті көпшіліктің талқысына түскен еді. KeshYou тобының экс-әншісі осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде тараған қаңқу сөздерге тіс жармағанымен, бұл жолы Stan.kz тілшісіне ашығын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Әнші бикештің сөзіне сенсек, инстаграмда тараған суреттегі жігіт отандық шоу-бизнестегі әлі таныла қоймаған топтың әншісі екен. Сөзінше, оларды байланыстырған тек шығармашылық  қарым-қатынас қана. Ал, ғаламторды шулатқан сурет түсірілім барысында таспаланған.    

- «Алла қаласа жуырда төрт жігіттен құралған топпен ерекше дуэт шығайын деп тұр. Жанымдағы жігіт сол топтың әншісі. Сонымен қатар, біз бірден сол «Senorita» деген әнімізге бейнебаян түсіріп тастадық. Түсірілім жұмыстары екі күнге созылды. Қызықты дүние жасадық деп айтсам болады. Осы уақытқа дейін ешбір әншімен клип түсірген емеспін. Бұл клипте мені әнші ретінде де, актриса ретінде де көре алатын боласыздар», - дейді Ақбота. 

Сейтмағамбеттің алдағы жоспарына сүйенсек, бүгінде ол жеке өмірін емес, шығармашылығын насихаттауды мақсат тұтқан. Екінші мәрте тұрмыс құру ойында да жоқ. Ал, желідегілердің жағымсыз пікіріне әлдеқашан еті үйренгенін айтады. 

- «Желідегілер түрлі пікірлер жазып жатыр. Осы уақытқа дейін көптеген әңгіме айтылып жатыр, әлі де айтылады. Өнер адамы болғандықтан әрқашан соңымыздан сөз ереді, әңгіме болады. Ешқашан көңіл-күйім түспейді. Қандай пікір, қандай сөз айтылса да маған әсер етпейді. Мен оған еш қамықпаймын да, ренжімеймін де. Ең бастысы қазіргі уақытта менің екі балам және жұмысым», - дейді Сейтмағамбет. 

Айта кетейік, бүгінде Ақботаның басы бос! Әнші ару мен Дәурен Айдарқұловтың ортақ некесінде Ибраһим есімді ұлы мен Аиша атты қызы өсіп келеді. 

Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (видео)
Балалы бола алмай жүрген әзілкеш жантебірентерлік сырын ақтарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу