Балалы бола алмай жүрген әзілкеш жантебірентерлік сырын ақтарды (видео)

Oinet.kz 25-08-2020 4750

Отандық танымал әзілкеш әрі асаба Елдос Қадірхановтың әйелімен отасқанына төрт жылға жуық уақыт болды. Алайда, ерлі-зайыптылар әлі де бала сүймеген. Олар бұл жайтты өздеріне берілген сынақ ретінде қабылдап, болашақта ата-ана бақытын сезіну мүмкіндігі бұйырады деген үмітте деп хабарлайды Oinet.kz.  

image.png

Елдос Қадірханов келіншегі өздігінен бала көтере алмаса, олар сәби асырап алуға да дайын екендерін айтты. 

"Колобок" лақап атымен танылған блогердің сөзінше, жары екеуінің көмек сұрап бармаған дәрігері мен емшісі қалмаған. Алайда, олардың ешқайсысынан әзірге нәтиже жоқ. Бұл туралы әзілкеш белгілі журналист Зарина Мүслімге берген сұхбаты барысында айтып берді. Оның үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Ел алдында әрдайым күліп жүретін Елдос "Колобок" бұл мәселеге келгенде шынында іші жылайтынын мойындады. 

- "Бұл да бір сынақ. Біреуге есеппен, біреуге төсекпен демекші. Сондықтан, бұл да бізге түсіп тұрған сынақ. Кейбір адамдар түсінбейді оны. Тек өз басына келгендер түсінеді. Қанша жерден ойнап күліп жүрсек те, ішің жылайды ғой. Балам болса, оны да блогер қылып жіберемін. Видео түсіртіп, жұлдыз қыламын. Фантазиям деген кетіп қалған. Бірақ, соған жете алмай келе жатырмыз. Бұйырғаны болар, көреміз. Біз негізі асырап алуға да дайынбыз. Оған да өзімізді дайындап қойдық. Болса болды, болмаса асырап аламыз. Былай қарап отырсаң, төртінші жылға кетіп барады. Көбісі шыда деп айтады. Бірі жеті жыл, тағы басқасы бес жылда бір-ақ балалы болғанын айтып жатады. Түрлі әңгімелерді естимін. Әйелім екеумізге де бірдей ауыр. Бұл жайында сөйлесеміз. Ол жылап қалса жұбатамыз. Біз сынып қалсақ, ол келіп жұбатады. Бұйырғанын көреміз. Медицина қанша жерден дамып жатса да, барлығын көрдік қой. Тамыр ұстайтынға да, отқа жағатынға да, суға тұншықтыратынға да бардық. Түнейтін де, орамал тарататын жерге де бардық. Бәрін көрдік. Айналып келгенде, сәждеге басымызды қададық. енді сабырмен күтеміз" , - деді ол.

Блогердің айтуынша, бұл жағдайда оның анасы келініне елеулі түрде қолдау көрсетеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

- - - - Карантин кезінде ақшадан таршылық көрсеңіз, жылдам микро кредит алыңыз. 135 000₸-ге дейін ала аласыз @nesie.kz @nesie.kz 15 минутта қалай 135000₸ ала аласыз? ОП-ОҢАЙ!!! @nesie.kz @nesie.kz Парақшасына кірап, профильде тұрған сілтемені басу арқылы өтініш қалдыра аласыз

Публикация от Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars)

Әнші Ақбота Сейтмағамбет жанындағы жігіттің кім екенін ашық айтты (фото)
Әнші Әли Оқапов халыққа жасырып келген құпиясын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу