Әнші Луина тұңғыш баласын дүниеге әкелді (фото)
Луина мен жұбайы Артем Обуховтың отбасында қуаныш. Ерлі-зайыпты алғаш рет ата-ана атанды. Сүйінші жаңалықты әншінің жолдасы хабарлады.
- "Міне, қуанар сәт келді. Луина, ұл сыйлағаныңа рахмет. Мен сені сүйем. Баланың денсаулығы, бәрі жақсы. Енді перзентханадан шығарар сәтті күтіп отырмыз", - деп жазды Артем парақшасында.
Луина мен Артем осылайша ұлды болды. Өнердегі әріптестері құттықтау тілегін жазып жатыр.
Желідегі жанкүйерлері көп болып құттықтасып, ақ тілегін жаудырды.
Луина 2018 жылы сүйіктісі Артем Обуховты көпшілікке таныстырды. 2019 жылы олар отау құрды. Естеріңізге сала кетейік, әншінің тойы 19 қыркүйек күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Әнші 20 жасында алғаш рет тұрмыс құрып, некесі сәтсіз аяқталған еді. 2010 жылы өз продюсері Жомарт Каринбаевпен азаматтық некеде 8 жыл тұрды.
Луиза Каринбаева өзін 2010 жылы X Factor жобасының жартылай финалисі атанды. Содан бері Луинаның танымалдығы мен таланты бірнеше рет расталды. Ол екі рет «Жыл әншісі» атанды (2012 ж. Cosmopolitan журналы, 2013/14 EMA наградасы). Ал Бішкек қаласында өткен Femme Style Awards-2014 фестивалінде «Жыл таңдауы» номинациясын жеңіп алды.