Ибрагим Ескендірдің отбасында қайғылы жағдай орын алды

Oinet.kz 17-08-2020 4227

"Көк тудың желбірегені" әнін орындаушы танымал әнші Ибрагим ескендірдің жақын көкесі көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

unnamed (1).jpg

Қаралы хабарды Мұхаммеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Жұрт карантиннен босап, қу тіршілік қамымен шаруаға шапқылаған күні, біз қабірістанға қарай қадам бастық...

Ибраги Ескендір бауырымның Абдірахим көкесі қайтыс болып, жаназасына қатысып, мәңгілік мекеніне қойып қайттық.

Абдірахим ағамыз жан баласына дауыс көтеріп көрмеген, ұрпақтарын ұлағатты қылып тәрбиелген, дәрігерлікпен мыңдаған пендеге мейірім сыйлаған нағыз көркем мінеді, жақсы адам еді.

Жаны жаннатта болсын!

Алла алдынан жарылқап, жақындарына сабыр берсін!!!" - деп жазды Мұхаммеджан Тазабек.

Дональд Трамп Марат Омаровты Америкаға шақырды
Әнші Луина тұңғыш баласын дүниеге әкелді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу