Дональд Трамп Марат Омаровты Америкаға шақырды
"Коронавирус, кет, кет, кет" хитін жазған қазақстандық композитор, халық әртісі Марат Омаровты Америкаға шақырды. Шетелде өнер көрсету туралы ұсыныс бірнеше ай бұрын президент Дональд Трамптан түскен, деп хабарлайды Oinet.kz Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, шақыртуда қайырымдылық концерт Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланғаны айтылған. Іс-шара Covid-19 пандемиясы аяқталған соң өтуі керек. Otyrar.kz жазуынша, концерттің нақты күні әзірге белгісіз. Марат Омаров ән кешінде "Коронавирус, кет, кет, кет" сынды бірнеше танымал туындысын орындайды. Әртістің басылымға айтуынша, қазір ел билігі ең алдымен азаматтардың денсаулығына алаңдаулы. Омаров ән айтуға қашанда үлгеретінін жеткізген. Композитор қазіргі уақытта үйінде туған қаласы Шымкентке арналған жаңа туындымен айналысуда. АҚШ-қа баруы мүмкін екенін ешкімге айтпағанымен журналистерден сыр жасыра алмапты.