Ләйлә Сұлтанқызы айына қанша табатынын ашық айтты

Oinet.kz 28-02-2019 1454

Ләйлә Сұлтанқызы айына қанша жалақы алатынын жасырмай айтты. Танымал тележүргізуші айлық есеппен жоқ дегенде үш-төрт миллион теңге табысқа кенелетін болып шықты, деп жазады Oinet.kz сайты NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

2019_02_28_sultan.jpg

Белгілі тележүргізуші, әріптесі Аман Тасығанмен болған сұхбатта Ләйлә Сұлтанқызы айлық табысын атағанымен, бірнеше қызметті қатар алып жүрген танымал тұлға қомақты соманы нақты қай жұмыс орнынан алатынын айтпаған. "Жалақым негізі жақсы. Өзіме жетеді. Бір көйлек алуға келеді. Кейбірінен тіпті үш көйлек алуға жетерліктей. Бір айлық жалақым, мен айтпай-ақ қояйын қай жақтан қалай аламын. Ол үш-төрт миллион болуы мүмкін", - деді танымал тележүргізуші.

Оған қоса, көгілдір экран жұлдызы әлеуметтік желіде жарнамалық бір жазбасы үшін қанша қаржыға кенелетінін де айтып берді. "Парақшама жарнаманы жүктеу 500 мыңнан жоғары тұрады. Бағасы ары қарай кете береді. Өйткені, бонустармен менде тек бір ғана парақша емес қой. Менде бірнеше парақша - ол бір, және де ол жерде пакетімен сатылады. Ең супер VIP пакеттер екі миллионға кетеді", - дейді Сұлтанқызы.

Сонымен қатар, танымал тележүргізуші жарнамаға түсу үшін де қанша алатынын да ашық айтты. Анықталғандай, жарнама құқықтары өзіне тиесілі болған жағдайда Ләйлә Сұлтанқызы жылына 20 мың АҚШ долларынан төмен, ал компанияға тиесілі болса бұл сомадан жоғары алады екен.

«Қартайғанда құтырды»: Жастарға еліктеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)
Танымал қазақстандық әнші қызды болды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу