«Қартайғанда құтырды»: Жастарға еліктеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)
Жанар Айжанова желіде үлкен танымалдылыққа ие болған флешмобтарды орындаймын деп қызу талқыға түсті. Жастарға еліктеген әншінің бұл қылығы көпшілікке жақпай қалған. Оқырмандар жасы елуден асқан жұлдызды өз жасына сай емес екенін айтып, сынға алды.
Жанар Айжанова әртүрлі флешмобтарды орындап, түрлі кейіпке енгенін, жүріп бара жатқан көлікте билей кеткенін байқауға болады. Алайда барлық заманауи трендттерді біріктіріп ел назарын өзіне аудартпақ болған шоу-бизнес жұлдызы оң пікірлерге ие болмады. Желідегілер оның әрекетін қызу талқылап, сынап тастаған.
"Үлкен кісінің секіріп билеп жүргені ерсі көрінеді екен" , "Жасына лайық емес", "Біреу тонып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар" , "Жұлдыздарға не болып кеткен, жарасса бұйырмасын, не тәрбие өскелең ұрпаққа" , "Жастарға өнеге көрсететін апа ғой негізі. Мұнысы болмады" , - деп жазуда көпшілік.
Дереккөз: nur.kz